Аймақтар • 30 Маусым, 2020

Түркістан облысында 4 мыңнан астам жасты әскерге шақыру жоспарланған

732 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл Түркістан облысынан 4 мыңнан астам жасты әскерге шақыру жоспарланған. Қазіргі таңда Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде жүргізілуде, - деп жазады Egemen.kz

Түркістан облысында 4 мыңнан астам жасты әскерге шақыру жоспарланған

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник  Н.Дюсебаев азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізу мерзімдері маусым айынан тамыз айына дейін ұзартылғанын, өйткені еліміздегі енгізілген төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылғанын айтады. "Әскерге шақырылушылар және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын ескерту, алдын алу шараларын күшейту мақсатында әскерге шақыру пункттердің кіреберіс жерлерінде медициналық посттар орналастырылды. Жас буынды салтанатты шығарып салулар тоқтатылды. Облыстық медициналық комиссиялар құрамдарына дәрігер-инфекционисттер енгізілді. Осыған орай шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді дені сау және моральды даярланған жастармен жасақтау болып табылады", дейді департамент бастығы.

Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Мысалыға: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін ІТ-мамандықтары, сондай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметрлері 170 см төмен емес сияқты дене бітімдері маңызды, спортшыларға таңдау беріледі. Алайда осымен бірге Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж. "Әскерге шақырылғаннан және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Карантин кезінде жас буын медициналық тексеруден және әлеуметтік-психологиялық зерделеуден, сондай-ақ бастапқы әскери дайындықтан өтеді. Әскерге шақырылғандардың бөлігі 6 ай ішінде бірқатар әскери мамандықтар бойынша оқып, мамандар ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады. Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жастарды тәртіпке, жауапкершілікке, өздігіне үйретеді және дене күшіне және шыдамдылыққа ие болады", дейді полковник Н.Дюсебаев.

Әрине, әскери қызметтің қауіпсіздігі басты назарда. Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейнебақылау жүргізілген. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәшіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездетіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі. Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қолжетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалары туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі. Яғни бүгінде елімізде азаматтардың әскери борышын өтеуге барлық жағдай жасалған. Департамент бастығы әскери қызметке қызығушы жастардың қатары көбейгенін патриотизмнің, сенімнің, елдегі тұрақтылық пен бірліктің нығая түсуімен байланыстырады.

 

 

Түркістан облысы