Хоккей • 30 Маусым, 2020

Президент кубогына келетіндер белгілі

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйым­дастырылатын шайбалы хоккейден Президент кубогы турнирі биыл 7 тамызда басталады.

Президент кубогына келетіндер белгілі

11-мәрте жалауы желбірейтін байрақты бәсекеге қатысуға 4 команда өтініш берген. Құрлықтық хоккей лигасына дайындық іспетті турнирде «Барыс» (Нұр-Сұлтан), «Локомотив» (Ярославль), «Динамо» (Минск) және Оңтүстік Корея құрамасы бас жүлдені сарапқа салады. ҚХЛ-дің өткен мау­сымында «Локомотив» Гагарин кубогының плей-офф сатысына дейін жеткен болса, Минскінің «Динамо» клубы 24-орынды иеленген болатын. Оңтүстік Корея құра­масы да Қазақ жанкүйерлеріне таңсық емес. Былтыр екі елдің ұлттық құрамалары жол­дастық матч өткізіп, жерлестеріміз ірі есеппен басым түскен-ді.

2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Президент кубогы бәсекесінде елорданың «Барыс» командасы бес мәрте топ жарған. Ал Санкт-Петербургтің СКА, Омбының «Авангард», Новокузнецкінің «Металлург», Нижнекамскінің «Нефтехимик» және Хабаровскінің «Амур» клубтары бір реттен жарыс жеңімпазы атанған. Былтырғы турнирде «Барыс» командасы жеңіске жеткен еді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Өзекті мәселелерге ден қойды

Саясат • Бүгін, 08:56

Мал дәрігерлерінің мерейі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Сөз өнеріндегі феномен

Тұлға • Бүгін, 08:40