Әлем • 29 Маусым, 2020

Арменияда коронавирус жұқтырған 25 127 жағдай расталды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 маусымда Арменияда COVID-19 коронавирустық инфекциясын 25 127 адам жұқтырғаны расталды, оның ішінде 13 297 адам сауығып кетті. Бұл туралы Армения ДСМ Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Арменияда коронавирус жұқтырған 25 127 жағдай расталды
Қазіргі уақытта COVID-19-ды жұқтырған 11 254 науқас ем қабылдап жатыр. Арменияда бүгінгі күні жалпы 110 571 адам тест тапсырған. Оның 482-сінен коронавирус диагнозы анықталса, ал 181-і сауығып кеткен.

Атап айтқанда, Арменияда індет салдарынан 433 адамның өмірі өліммен аяқталды. Қазір ол 7 есеге дейін өсті. Сондай-ақ қайтыс болған науқастардың дені 82, 67, 67 жастағы ерлер мен 63, 66, 84, 96 жастағы әйелдер. Негізгі себебі барлық науқаста созылмалы аурулары болған.

Кей жағдайда коронавирус инфекциясын жұқтырудан емес, басқа аурудың салдарынан болған 4 өлім жағдайы тіркелді. Мұндай жағдайлар ел бойынша 143-ке жуықтайды.

Енді Армения үкіметі 13 маусымға дейін енгізілген төтенше жағдай мерзімін тағы 30 күнге, яғни 13 маусым 17:00-ден 13 шілде 17:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.