Кәсіпқой бокс • 29 Маусым, 2020

Үлкен спортқа қайта оралды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста әлемнің экс-чемпионы атанған аргентиналық боксшы Серхио Мартинес алты жылдық үзілістен соң, шаршы алаңға қайта оралатынын мәлімдеді. Боксшы карьерасындағы соңғы жекпе-жегін 2014 жылы өткізіп, Мигелю Коттодан жеңіліп қалған еді.

Үлкен спортқа қайта оралды

45 жастағы Мартинес Аргентинаның Кильмес қаласында дүниеге келген. 20 жасына дейін ол велоспорт және футболмен кәсіби түрде шұғылданған. Кейіннен бокс спортына ден қойып, 1997 жылы Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпио­натына қатысқан. Бірақ бірінші айналымда Румынияның даңқты боксшысы Адриан Дьяконуға есе жіберген. Сол жылдың жел­тоқсанында кәсіпқой боксқа ауысып, алғаш­қы айқасын жеңіспен бастаған.

Серхио Мартинес бүгінге дейін кәсіпқой бокста 56 кездесу өткізіп, оның 51-інде жеңіске жеткен. Сондай-ақ екі рет тең түсіп, 3 мәрте жеңілген. 2013 жылы ол британиялық Ричард Уильямсты жеңіп, орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ Мартинес британиялық Мартин Мюррей, Мэть Макклин, мексикалық кіші Хулио Сезар Чавеске қарсы титулды жекпе-жек өткізіп, барлығын тізе бүктірген.

Айта кетейік, Серхио Мартинес 22 тамызда Испанияда өтетін бокс кешінде өнер көрсетпек. Әзірге қарсыласы белгісіз. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30