Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында сондай-ақ дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел болады. Күндіз оның екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусым күні циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек батыс бөлігінде жұма жауын-жашынсыз өтеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, - деп жазады Egemen.kz.
Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 00:21
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
Денсаулық • Кеше
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Аймақтар • Кеше
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше