Аймақтар • 25 Маусым, 2020

Елордада жедел жәрдемнің телеграм-боты іске қосылды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Телеграм-бот 103 желісінің жүктемесін жеңілдетіп, азаматтардың өтініштерін қабылдайды, - деп жазады Egemen.kz

Елордада жедел жәрдемнің телеграм-боты іске қосылды

"Бұл бот Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел медициналық жәрдем қызметін шақыруға арналған",  делінген ботта.

Енді жедел жәрдем қызметін шақыру үшін @ns103bot мекенжайы арқылы өту жеткілікті. Мұндағы барлық диспетчер медициналық білімі бар, сондықтан қандай да бір ауруға қатысты нақты кеңес бере алады.