Әлем • 19 Маусым, 2020

Өзбекстан Президенті Елбасының сауығып кетуін тіледі

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Өзбекстан Президенті Елбасының сауығып кетуін тіледі

"Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін. Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін",  делінген жеделхатта.