Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Алматыдағы балабақша оқиғасына кім жауап береді?

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда балабақша тәрбиешісінің балаларға күш көрсетіп жатқан видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсуде,  деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы балабақша оқиғасына кім жауап береді?

Кадрда балабақша тәрбиешісі орындықта отырған балалардың құлағынан бұрап ұстап, есіктен шығарып жатқандығы анық көрінеді. Жазбаның астында оқиғаның №7 балабақшада болғаны туралы айтылған. 


Бұл жағдайға байланысты Алматы қалалық білім басқармасының қызметкері Қуандық Ешімет арнайы комиссия құрып, тексеру жұмыстарыын жүргізіп жатқандығын  атап өтті.  "Аталған факт бойынша, балабақшаның лауазымды тұлғаларынан бастап, мекеме қызметкерлеріне қатысты заңға сәйкес шаралар қабылданады. Бейнедегі дауыстың №7 балабақша меңгерушісінің тиесілі екені әлі нақтыланбады, оны алдағы уақытта тексеру нәтижесі анықтап берер. Бірақ заң алдында бәрі бірдей және тексеру аяқталғаннан кейін ақпарат қосымша жарияланады", деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025