Футбол • 17 Маусым, 2020

Футболдан Чемпиондар лигасы жаңа форматта өтеді

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавируске байланысты тоқтатылған футболдан УЕФА-ның Чемпиондар лигасы жалғасатын күн жақын. Алайда бұл жарыстың форматы өзгерді, - деп жазады Egemen.kz

Футболдан Чемпиондар лигасы жаңа форматта өтеді

Нақтылап айтсақ, ол "Сегіздік финалы" форматында өтеді. Яғни, 1/8 финалда жеңіске жеткен командалар 12-23 тамыз аралығында Португалияның астанасы – Лиссабонда бас қосып, жарыс жеңімпазын анықтайды. Әзірге плей-офф додасының алғашқы кезеңінен сүрінбей өткен төрт клуб қана белгілі. Олар – Францияның "Пари Сен-Жермені", Италияның "Аталантасы", Мадридтің "Атлетикосы" және Германияның "Лейпцигі". Осы межеге жеткен қалған ұжымдар толықтай анықталғаннан кейін 10 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді.