Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан қаласын көркейту мен абаттандыру жұмыстары 32 сектор бойынша жүргізілуде. Әр секторға жауапты аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар тарапынан бұл бағытта ауқымды істер атқарылған, - деп жазады Egemen.kz

Өмірзақ Шөкеев: Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

Мәселен, Кентау қаласына бекітілген №7-сектор қалада спорттық құрал-жабдық пен балалар ойын алаңшасын орнатқан. Қала көшелерін абаттандыруда аяқжол төсеу, орындықтар мен қоқыс жәшігін, жарықтандыру бағаналарын орнату, жасыл желекпен көмкеру жұмыстары жүргізілді. Мұнымен қоса, өздеріне бекітілген аймақта асфальт салу жұмыстары алдағы аптада аяқталады. Ал облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасына бекітілген №29- сектор бойынша қала көшелерінде орындықтар мен қоқыс жәшіктері және 4 аялдама орнатылды. Алты көшеде 200-ге жуық ағаш егілген. 

Сондай-ақ Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Баспаналар жоспар бойынша жыл соңына дейін тапсырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды. Құрылысы қызу нысандардың бірі ­ – 7000 адамға лайықталған стадион. Спорттық нысанның демеушісі – "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры. Мұнда  2 спортзал, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар. Түркістан қаласының ажарын арттырған  "Парасат" саябағы да ерекше кейіпке еніп келеді. Мұнда қайта жаңарту жұмыстары аясында жасанды көл мен көпірлер және 420 метр тас арық келесі айдың соңында толығымен аяқталмақ.  Нәтижесінде саябақ сумен қамтылып, ол қайтадан "Арыс-Түркістан" каналына жіберіледі. Ал Түркістан-Кентау бағытындағы жолдың екі шетіндегі арықтың бір бөлігі "Парасатты" сумен қамтыса, екінші бөлігі жол бойындағы жасыл желекті суғарады. Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырып, құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті.

 

 

Түркістан облысы