Қоғам • 15 Маусым, 2020

Премьер-Министр мінген тікұшақ апатты жағдайда Таразға қонды

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбев мінген тікұшақтан шыққан ақауды арнайы комиссия тексереді. Бұл туралы "Қазавиаспас" АҚ қоғаммен байланыс бөлімі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz.

 

Премьер-Министр мінген тікұшақ апатты жағдайда Таразға қонды

"Тікұшақ Жамбыл облысындағы Қордайда тәртіпсіздік болған аумақты айналып жүргенде есептегіш гидравликалық жүйе істен шыққан. Бортта Премьер-Министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болды. Оларда бәрі жақсы. Барлығы дін-аман екінші бортқа отырғызылды. Енді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, яғни Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ақауды анықтау үшін комиссия құрады. Комиссия тікұшақтың бұзылу себептерін анықтайды", - деді ІІМ ТЖК "Қазавиаспас" АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Анар Хамитова.