Аймақтар • 06 Маусым, 2020

Павлодар: Орталық жағажайда полиция бекеті ашылды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің  мәліметінше,  Ертіс  өзені жағалауы бойындағы  орталық жағажайда  полиция бекеті облыс  орталығында  қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында орнатылған.    

Павлодар: Орталық жағажайда полиция бекеті ашылды

Өйткені, әсем өзен жағасы, орталық жағажайда өңір тұрғындары, қала қонақтары  серуендейді. Ал жыл сайын жазда «Ертіс Promenade» сахнасында еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, түрлі мерекелік флэшмобтар, челлендж, мәдени шаралар жағажайда өтеді.

Жалпы, әмбебап бекет 3 бөлмелі, екеуі қызмет көрсетуге арналса, бір бөлмеде полиция қызметкерлерінің тамақтануларына арналған. Бекет заманауи байланыс құрылғылары, радиостансалармен жабдықталған. Салқындатқыш кондиционер, жылу жүйесі, бейнебақылау құрылғысы және дабыл белгілері орнатылған.

Ал полиция қызметкерлері электромобиль арқылы жағажайдағы тәртіпті қадағалап, тұрғындардың тыныштығын күзетуде. Бекет тәулік бойы қызмет көрсетеді.  Олар аусым бойынша жұмыс істейді. Сонымен бірге, енді автовокзал мен теміржол вокзалдарының жанында да осындай полиция бекеттері орналасады.

          

ПАВЛОДАР