Өнер • 29 Мамыр, 2020

Шығысқазақстандық оқушылар сырлы бояудың сырына қанықты

590 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Оқу бағдарламасына сай күнделікті сабақта алған білімін сыныптан тыс жұмыстарда жетілдіру – оқушының білімін тереңдетіп, сурет салу икемділігі мен бейнелеу қабілетін дамытады, тіпті қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын оятады. Осындай сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі – «Сырлы бояу» атты сурет сайысы.

Шығысқазақстандық оқушылар сырлы бояудың сырына қанықты

30 сәуір мен 4 мамыр аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі» атты халықаралық табиғатты қорғау акциясы бойынша ашылған «Желі сайыстарының» кезекті іс-шарасы көркем өнер шеберлерінің сайысын өткізді. Бұл байқауда «Үржар аумағының ерекше әсем табиғаты», «Қоршаған орта – баланың көзі­мен», «Қызыл кітаптың беттері» номинациялары бар екендігі ұлт­­тық паркіміздің желілерінде жа­рия­ланған болатын. Ондағы мақ­сатымыз – суреттегі кескіннің ар­қасында біздің аймақтың әсем де әсерлі табиғи ландшафттарын суреттеу, адамдардың санасын­да олардың табиғатқа деген сүйіспен­шіліктерін ояту.

Бұл сайысты таңдап алуымызға бірнеше себеп бар. Сурет – жеке бір өнер саласы емес, бірнеше өнер түрінің өмірге келуіне себепкер болған бүкіл бейнелеу өнерінің атасы. Бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Екіншіден, сурет тарихы – бұл адамзат тарихы және оның қоршаған ортаны тануына, өзін өзі толығымен танып білуіне, эстетикалық тәрбие алуына, сонымен қатар ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.

Осы сайыста оқушылар қол­дарына қылқаламдарын алып, өз көзімен көріп, түйсінген шын­дығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұм­­ты­лып, ақ қағазға түсірген. Көп­­­шілігі «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарларды таңдап, ани­малисттік жанрда сурет салған. Осы тұрғыдағы тәрбиелілік – оқу­шыларды бейнелеу өнеріне бау­лу арқылы қоршаған ортаның әсем­дігін, тамашалығын сезінуге тәрбиелеу,  білімділік – қоршаған ортадан өзіне ұнаған жанрды таңдау арқылы сурет салу шеберлігін жетілдіру, дамытушылық – ой-өрісін, танымын, қиялын күшейту және есте сақтау, елестету қабілетін дамыту десек те, ең бастысы өскелең ұрпақтың қоршаған ортамен байланысын арттыру еді, яғни суретті күнделікті өмірмен байланыстыру, өмірдегі табиғат көріністерін қағазға бейнелеу. Сайыс оқушыларға оң нәтиже берді деген ойдамыз.

 

Дәулет ТОҚТАСЫНҰЛЫ

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025