Әлем • 28 Мамыр, 2020

Үндістанда 47 градус ыстық болды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның астанасы Делиде кеше қапырық пайда болып, ауа температурасы 47,6 градус ыстықты көрсетті. Мамандардың айтуына қарағанда бұл жағдай бір аптаға жалғасуы мүмкін.

Үндістанда 47 градус ыстық болды

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» дегендей коронавирустың зардабынан құтыла алмай отырған ел тұрғындарын аптап ыстық күйзелтетін түрі бар. Әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ.

Тіпті Ражастан прованциясының Чуру қаласында ыстық мөлшері 50 градусқа жеткен. Жергілікті билік тұрғындарды үйден шықпауға шақыруда.

Дүниежүзілік ауа райын бақылау және ақпар таратуға міндетті  El Dorado сайтының мәліметіне қарағанда, ауа райының бұлай құбылуы өткен аптада Үндістанның солтүстігін және Бангладешті көктей өткен «Амфан» циклонының әсері көрінеді. 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025