Спорт • 25 Мамыр, 2020

Олимпиада чемпионы коронавирус жұқтырды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Әзербайжан ұлттық құрамасының белді мүшесі, Олимпиада және әлем чемпионы Шариф Шарифовтың коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Олимпиада чемпионы коронавирус жұқтырды

Қазіргі таңда 31 жасқа толып отырған бұл балуан өткен жылы күзде күрес түрлерінен Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медальға қол жеткізіп, Токио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын.

Ол алғашында өзіне «тұмау тиген шығар» деген күдікпен дертке аса мән бермеген. Бірақ уақыт өткен сайын денсаулығы төмендеп, дене қызуы қалыпты күйін жоғалтқан. Қазір бұл спортты ем қабылдап жатыр. Жағдайы да жақсарып келеді.

Қызық болғанда, бұл азаматтың әулеті, яғни ата-анасы, апайы тағы басқа жақын туысқандары бірінен соң бірі барлығы дерлік індет жұқтырып үлгерген.

Алғашқы болып анасы «өкпеге суық тиді» деген анализбен  Мақашқалада ауруханаға жатқызылған. Бірақ ол індетке айналып,  нәтижесінде дерт барлық отбасы мүшелерін шарпаған.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025