Әлем • 20 Мамыр, 2020

Коронавирусқа қарсы қор жинаған ұлыбританиялық майдангер Том Мур батыр атанды (видео)

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританиялық майдангер, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Том Мур елдегі коронавируспен күрес қорына 32.8 миллион фунт стерлинг қаржы жинап беріп, үлкен үлес қосты. Қарияның осы бір жанкешті еңбегі жоғары бағаланып, оған мемлекеттік ең жоғарғы дәреже Батыр атағы берілетін болды, деп хабарлады лондондық ТАSS ақпарат көзі.

Коронавирусқа қарсы қор жинаған ұлыбританиялық майдангер Том Мур батыр атанды (видео)

«Полковник Том Мурдың бастамасы бұқара халық тарапынан кең қолдау тапты. Сондай-ақ індетке қарсы күрес жолында кімде-кім үлес қосуға болатыны жайлы адамдарға өнеге болды. Майдангерге бұл ісі үшін шексіз алғыс айтамыз және тарих алдында борышына адал нағыз ұлттық қаһарман деп бағалаймыз» депті Ұлыбританияның премьер министрі Борис Жонсон мырза.

Жасы 100-ге келгеніне қарамай осындай игі бастамаға ұйтқы болғаны үшін ардагерге «Батыр» атағын беру туралы бастаманы көтерген премьер министр болса, оның бұл тілегін ел ханшайымы ІІ Елизавета бірден құптаған. Майдангерге сыйлық тапсыру рәсімі коронавирус салдарынан әзерге кейінгі қалдырылып отырған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025