
«Автобус салонына кірер алдында жолаушылар бетперде кию керек. Біз, еріктілер, қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамыз. Егер жолаушыларда маска болмаса, біз оларды тегін ұсынамыз. Бұл бір реттік емес, жүйелі науқан, ол карантиннің бүкіл кезеңінде жалғасады. Сонымен қатар қала тұрғындарына тек аялдама павильондарында ғана емес, саябақтарда, дәмханаларда, сауда орталықтарында да хабарлайтын боламыз», – дейді ерікті Аян Ерментаев.
⠀
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Азамат Садықов 11 мамырдан бастап қаладағы төтенше жағдай режимі алынып тасталғанына қарамастан, карантин әлі сақталатынын атап өтті.
⠀
«Полиция департаментінің қызметкерлері түсіндірме жүргізуде. Бүгін еріктілермен бірге азаматтар көп жиналатын жерлерде бетперде таратамыз. Акцияның мақсаты азаматтарға коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар екенін түсіндіру», – деп атап өтті А. Садықов.