06 Сәуір, 2010

РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІМЕН СӨЙЛЕСТІ

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жай-күйін және даму келешегін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп атап өтуге және осы жылдың 8 мамырында Мәскеуде өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының саммитіне дайындық барысын талқылады. Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ және ШЫҰ шеңберіндегі екіжақты өзара ықпалдастығының мәселелері де сөз болды.