
– Шаһардағы қылмыс деңгейі төмендеді. Бұған қоса, көшелерде, аулаларда қосымша жасақтар тартылғандықтан, ұрлық, бұзақылық көп болған жоқ. Ондай факт болғанның өзінде, көшедегі көп сақшының арқасында қылмыстың 60 пайызға жуығы тез әшкереленді, яғни қылмыстың ізін суытпай ашылуына септігін тигізді. Қала бойынша 500 мың автокөлік тіркелген. Ал оған облыстан келетін 250 мың көлікті қосқанда, шаһар көшесімен 750 мың машина жүріп өтетін. Бұл қалаға айтарлықтай салмақ салады. Ал карантин кезінде бұл көрсеткіш бірнеше есе түсіп, бір күнде 15 мыңдай машина жүретінін анықтадық, – дейді қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.