Таным • 12 Мамыр, 2020

Құралайдың салқыны

4280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр басталғалы күн суытып, жауын-шашын күрт көбейді. Дәл осы кезде қорық қызметкерлерінен қазақ даласындағы ақбөкендер төлдеп, құралайын өргізіп жатыр деген cүйінші хабар да жетті.

Құралайдың салқыны

Табиғаттың тылсымы сол, Құ­ралайдың салқыны кезінде етке құмар дала жыртқышы дәл осы уа­қытта тәбеті қа­шып, етке жақындай алмай қалады екен. Ал бұл сәтте ақ­бөкендер жаппай төлдеп, құ­ралайлары аяғынан тұ­рып үлгереді.

«Мамырдың басы – ақ­бө­кендер төлдей­тін уақыт. Бұл ке­зеңде жылы күн райы жаң­бырлы және желді болады. Бұл кезең тек екі аптаға созылады», дей­ді Орман ша­руа­шы­лығы жә­не жануарлар дү­ние­сі ко­ми­тетінің баспасөз хат­шысы Сәкен Діл­дахмет.

Охотзоопромның инспек­тор­­лары, сондай-ақ орман ша­­­руа­­шылығы мен жануар­лар­дың аумақтық инспекциясы бө­кендерді браконьерлерден қор­ғап, бақылауға ал­ған. Әйтсе де та­биғаттың өз заңы бар. Жаңа туған дала ер­кесін оңай өмір кү­тіп тұрған жоқ. Әлсіздері өледі, кей­бірі жырт­қыш­қа жем де болады. Тек күштілері ғана аман қалады. Адамзат жаралғалы бірге жасасып келе жатқан киік қанша дәуір өтсе де құрып кетпей, тұқымын сақтап қал­ған­дығымен ерекше.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35