Спорт • 04 Мамыр, 2020

Шахматшылардың онлайн-турнирі аяқталды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құраған «Magnus Carlsen Invitational» онлайн-турнирі өз мәресіне жетті.

Шахматшылардың онлайн-турнирі аяқталды

Кіл мықтылар шеберлік байқасқан жарыста әйгілі Магнус Карлсенге тең келер ешкім табылмады. Әлем чемпионы деген атағы бар 29 жастағы Норвегияның мақтанышы финалдық бәсекеде Хикару Накамурадан айласын асырды. Есеп – 2,5:1,5.

Сондай-ақ айтулы онлайн-турнирде ресейлік Ян Непомнящий, ирандық Әлиреза Фируджа, нидерландтық Аниш Гири, қытайлық Лижэнь Дин, америкалық Фабиано Каруана және франциялық Максим Вашье-Лаграв сынды шахматшылар бақ сынаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Шапшаң тілмаш

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55