03 Сәуір, 2010

ҚАЗЫНАЛЫ ТҮБЕКТЕ ҚАРҚЫНДЫ ЖОБАЛАР БАР

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Маңғыстау  облысында жұмыс сапарымен болды. Вице-премьер жұмыс сапа­рын Каспий теңізінің қазақ­стан­дық бөлігінде жұмыс жасайтын мұнай компанияларына түрлі қыз­мет көрсететін кәсіпорын­дар­ды аралау­мен бастады. Алғашқы таныстық “Мак­дермот” металл құрастыру за­уытының құрылыс алаңы мен бұр­ғылау ертінділерін дайындау, ша­­ғын кемелерді жөндеу зауыты­ның жобалары болды. Сондай-ақ жа­қын айларда іске қосылуға тиісті  “Ат­аш” теңіздегі мұнай операция­ла­рын қолдау базасының құрылы­сы­на зер сал­ды. Ақтауда әкімдікте сер­пінді жобаларды жан-жақты  ке­ңінен тал­қылаған мәжіліске ми­нистр­лік­тер, ұлттық компаниялар мен ак­ционерлік қоғамдар бас­шы­лары мен өкілдері қатысты. Онда өңірде қолға алынған серпінді жо­балар “Ақ­­тау Сити”, “Каспий эн­ер­гети­ка­лық хабі”, “Кендірлі” де­ма­лыс аймағының, сондай-ақ Ақ­тау битум зауыты, “Жаңа Өзен-Түркіменстан” темір жолы, Ақтау халықаралық әуежайының ұшып-қону алаңы, Ақтау газ-бетон зауы­ты, “Ча-Кур” фар­мацевтикалық фирмасы, Бей­неу­дегі құрама-жем зауыты т.б. жо­балардың жүзеге асу барысы жайлы келелі кеңес болды. Онда облыс әкі­мі Қырымбек Кө­шер­баев, компания басшылары өза­ра ой-пікір алысты. Көптеген мә­селелерді тездетіп, оң шешу жол­дарын ортаға салды. Ал кешкілік әкім­дікте тауар­лар мен қызметтер са­тып алуда қа­зақ­стандық үлесті арт­­тыру және Каспий қай­раңын иге­руде қазақ­стандық сектор­дың оф­фшор­лық жо­баларына қыз­мет көр­сетуде жағалау инфрақұры­лы­мын дамыту мәсе­лелеріне арнал­ған кеңес өтті. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.