03 Сәуір, 2010

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕ

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау коми­тетінде “Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы” заң жобасы талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенаты­ның баспасөз қызметі. Талқылау барысында Төтен­ше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров осы заң жобасы бойынша баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. В.Пет-ровтың ай­туынша, аталған заң жобасы халықтың, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің қор­ғалу деңгейін олардың қауіпсіз­дігі жай-күйін бағалауды тәуел­сіз сарапшы ұйымдар саласына енгізу жолы­мен арттыру, сон­дай-ақ мемле­кеттік өрт бақы­лау ор­гандары жүзеге асыратын тексе­рістер санын қысқарту есе­бінен қорғау объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және бақылау қызметінің ны­сандары мен әдістерін жетілдіру мақса­тында әзірленген.