Спорт • 22 Сәуір, 2020

Қаржылық жағдайы ең тұрақты футбол командалары кімдер?

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн кеше «Soccerex» халықаралық аудиторлық компаниясы әлемдегі қаржылық жағдайы ең тұрақты футбол командаларының рейтингін жариялады.

Қаржылық жағдайы ең  тұрақты футбол командалары кімдер?

Үздіктерді анықтауда басты бес көрсеткіш негізге алынды. Олар – әр команда сапындағы ойыншылардың трансферлік құны, материалдық активтері, қаржылық жағдайлары, клуб қожайындарының әлеуетті инвестициялары және таза қарыздары.

Жоғарыдағы жайттардың барлығын ескере келе, сарапшылар Франция чемпионатында өнер көрсетіп жүрген «Пари-Сен-Жерменді» (ПСЖ) ең үздік деп тапты. Осыдан тура жарты ғасыр бұрын іргетасы қаланған команданың қазіргі қожайыны – 47 жастағы катарлық бизнесмен Нассер Ганим аль-Хелаифи. Париждіктер соңғы жеті жылда алты рет ел бірінішілігінде бас жүлдені олжалады. Тек 2016/17 жылғы маусымда «Монакодан» қалып қойып, күміс медальді қанағат тұтқан еді. 

Сондай-ақ, қаржылық жағдайы ең тұрақты 10 команданың қатарында мыналар бар: «Манчестер Сити» (Англия), «Бавария» (Германия), «Тоттенхэм» (Англия), «Реал» (Мадрид, Испания), «Арсенал» (Англия), «Челси» (Англия), «Ливерпуль» (Англия), «Ювентус» (Италия) және «Боруссия» (Дортмунд, Германия).

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15