03 Сәуір, 2010

БАҚЫЛАУ БАЙЫПТЫ БОЛМАҚ

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі жобасын жүзеге асыруға партиялық бақылау жүргізу жөніндегі сараптамалық топтың отырысы болып өтті. Мемлекет қаражатының дұ­рыс жұмсалуын бақылау жөнін­дегі бұл топтың құрамына Пар­ламент де­путаттары, Мәжілістегі “Нұр От­ан” ХДП фракциясының мүше­ле­рі, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдар мен үкі­меттік емес ұй­ым­дардың өкілдері кіреді. Аталған топтың жетекшісі болып партия­ның ел үкіметіндегі ресми өкілі Вла­димир Дворецкий тағайындалды. Басқосуға қатысқан топ мү­ше­лерінің айтуына қарағанда, қа­зіргі таңда жергілікті жерлерде тұ­рақты қоғамдық бақылауды қам­та­масыз ету үшін, бұған қоса, Ақ­төбе, Алматы, Жамбыл, Қызыл­ор­да және Оңтүстік Қазақстан об­лыстарында жобаның жүзеге асы­рылуы барысы туралы ағымдағы шараларды әзірлеу үшін билік пар­тиясының аймақтық филиал­дары жанынан аумақтық қоғам­дық комиссиялар, ал құрылыс ны­сандарында партиялық ба­қы­лау бекеттері құрылмақ. Сондай-ақ комиссия мониторингі бары­сында мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, табиғатты пайдалану туралы заңнаманың сақталуы, қоршаған ортаны қорғау, жергілікті халықты жұмыспен қамту және жобаны іске асыру кезінде анықталған түйткілді мәселелерді оңтай­ландыру бойынша ұсыныстар жан-жақты қаралады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.