Спорт • 20 Сәуір, 2020

Азия чемпионаты Алматыда өтеді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2021 жылы Азия чемпионаты Алматыда өтетін болды. Бұл ақпарат Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми сайтында жарияланды.

Азия чемпионаты Алматыда өтеді

Осындай дүбірлі доданы қабылдауға Алматының әлеуеті жететіні сөзсіз. Қазіргі кезде Алатау баурайындағы әсем шаһарда «Алматы Арена» мен «Халық Арена» секілді заман талабына сай салынған зәулім кешендер бар. Оған талай жылдың тарихы бар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қосыңыз. Осы нысандардың барлығында да әр жылдары аса ірі халықаралық жарыстар дүркіреп тұрып өткеніне дүйім жұрт куә.

Күрес түрлерінен Азия чемпионаттарында Қазақстан балуандарының жеңіп алған жүлделері жетерлік. Мәселен, биылғы Азия чемпионаты Үндістанның Нью-Дели қаласында өтті. Айтулы жарыста жерлестеріміз 19 (5 алтын+2 күміс-12 қола) медальға иелік етіп, жалпы командалық есепте төртінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02