Спорт • 16 Сәуір, 2020

Велоспорт: Көпкүндіктердің өтетін мерзімдері белгіленді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велошабандоздар арасындағы ең белді жарыстар - «Тур де Франс», пен «Джиро д'Италия» көпкүндіктерінің қай кездері өтетіні белгілі болды.  

Велоспорт: Көпкүндіктердің өтетін мерзімдері белгіленді

117 жылдық тарихы бар «Тур де Франс» биыл 27 маусым мен 19 шілде аралағында өтуге тиіс еді. Бірақ коронавирусқа байланысты ол кейінге шегерілді. Енді Франция аумағында өтетін дүбірлі доданың жалауы 27 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында желбірейді. Осы орайда, белгіленген бағытттардың еш өзгермегенін айта кеткіміз келеді.

Мамыр айында басталуға тиіс «Джиро д'Италияның» да кейінге шегірілуіне жоғарыда айтылған жаман ауру себепкер болды. Апеннин түбегіндегі жарыстың тұсауы сонау 1909 жылы кесілген болатын. Үстіміздегі жылы ол 20-27 қыркүйек аралығында Швейцарияда өтетін велошосседен әлем чемпионаты аяқталған бетте басталады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше