02 Сәуір, 2010

МӘНДІ ДЕ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауы Англияның Оксфорт қаласында саясаттану са­ласы бойынша ғылыми жұмыспен айналысып, білі­мімізді халықаралық талаптарға сай дамытып жүрген қазақстандық  жастар арасында жан-жақ­ты­лы талқыланды. Жолдаудағы “2020 стратегиялық жоспары – көшбасшылыққа қазақстандық жол” деген үшінші  бөлімі бесінші тармағындағы “Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту” деп үлкен ой тастайтын бөлімге ерекше тоқталған жөн. Бүгінде әлем халықтары ынтымақты, бейбіт өмір сүру үшін ұлтаралық келісімді нығайтуды берік ұстанып отырғаны мәлім. Сол келісімдердің өзі жоғары деңгейде жүруі, ұлттық қауіпсіздік та­лаптарының бұлжытпай орындалуы саясаткерлер үшін өте маңызды шара болып табылады. Бұл екі құндылық өз мәнінде орындалып отырса халық­аралық қарым-қатынастар одан әрі дами беретіні сөзсіз. Бұл – бүгінгі ұрпақ, әсіресе бізбен қатар шет елдерде білім алып жүрген жастардың ой-пікір, ұстанымдарын естіп, нақты әрекеттерінің куәсі болып жүрген соң, ішкі дүниемнен шыққан әділ сөзім. Нұрсейіт НИЯЗБЕКОВ. Англия, Оксфорд.