02 Сәуір, 2010

КЕЛЕШЕККЕ СЕНІМ ЗОР

581 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Халқымызда зейнеткерлерді елдің “алтын қоры” деп салыстыра баға берген тәрбиелі ой қалып­тасқан. Еліміздің даму жолын, тарихын сараптауға зейнеткерлер ұдайы зор көңіл бөліп, жүріп өткен жолы мен белесті болжауды қатар ұстанады. Президентіміздің биылғы Жол­дауы – жас ұрпақтан бастап, ең­кей­ген қартқа дейін көңілге қо­ным­ды, жаңа онжылдыққа басқан әр қадамның айқын бағдарламасы. Жолдауда Ұлы Отан соғысы арда­герлеріне, зейнеткерлерге, мүге­дек­терге көрсетілетін көмек, ұдайы қамқорлыққа алу міндеттері қарт­тар­дың көңілін бір серпілтіп, мақ­таныш сезімін еселей түсті. Жол­даудың басты бір мақсаты ретінде халықтың денсаулығын сақтау, өмір сүру ұзақтығын дамыған ел­дер қатарына жеткізу мәселесі шын жанашыр адамнан туын­дай­тын ой. Ұзақ жасағысы келген әр адам саламатты өмір салтын дәріп­теп, өзімен бірге бала, немересін ертіп, спортпен айналысуы керек деп түсінемін. Біздің отбасы Ива­нов жүйесімен денсаулығын шынықтырумен айналысады, суда жүзу, спорттық ойындар, жүгіру сияқты шараларға үй ішімізбен қатысамыз. Биылғы Жолдаудың өзекті тағы бір мәселесі индустриялық-инно­ва­циялық бағдарламаны толық, әрі тұщымды талдау арқылы халыққа жаңа жобаның басым жағын ашып көрсетіп, яғни әлемдегі мықты елу елдің қатарына қосылудың айқын жолы – индустриялық-инновация­лық жол екенін айғақтады. Бұл бағдарлама – жаңа онжылдыққа қойыл­ған басты мақсат, келешек ұрпақ болашағының негізі, өркен­деудің маңызды жаңа табыстары. Жолдаудың бір ерекшелігі, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында қол жеткен жетістіктер аталып, түйін­ді пікірлермен қатар, күнде­лік­ті өмірде шешілу сәтін күтіп тұр­ған мәселелер орынды ескер­тіл­ді. Бұл – Жолдаудың өміршеңдігі. Жолдау көңілге шабыт толтырып, жоспарланған ізгі істерге жетелейді. Келешекке сенім зор. Мәрияш САҒЫНДЫҚОВА, білім саласының ардагері. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.