02 Сәуір, 2010

ЕГІСТЕ КЕМІС БОЛМАУ ҮШІН

589 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
немесе ауыл шаруашылығы еңбеккерлері биылғы науқаннан нендей жақсылықтар күте алады? Көктемгі дала жұмыстарына дайындық елдің ауыл шаруашылықты өңірлерінде жоспарланған қарқынмен жүргізілуде. Биыл көктемгі егіс алқаптарының  көлемі  өткен  жылғы деңгейден 1,4 пайызға көп болады деп болжанып отыр. Оның өзі басымдыққа ие дақылдарды егу есебінен жүзеге асырылмақ. Нақтырақ айтсақ, астық дақылдары егістігі былтырғы деңгейде қалмақ,  оның  есесіне  майлы дақылдар егістігі бұрынғыға қарағанда 16 пайызға ұлғайтылмақшы. Осы және басқа да мәселелер дүйсенбі күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкіметке өткен селекторлық кеңесте жан-жақты әңгіме арқауына айналды. Сонымен, көктемгі егіске сақадай саймыз дегенге дәлел ретінде қандай нақтылы дәйектер келтіруге болады?  Біріншіден, субсидиялау ереже­сі бекітіліп, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер көлемі белгіленді және олар облыс­тарға жеткізілді. Осы орайда Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес субсидиялаудың ынталандырушы рөлінің күшейтілгенін де айта кету қажет. Мәселен, бұдан былай қазіргі заманғы технологияларды, еңбектің озық тәсілдерін және ауыспалы егісті қолданғандар, өндірісті модерни­зациялап, малдың генетикалық әлеуетін арттыруға қол жеткізгендер, сол сияқты кооперативтерге біріккендер субсидияларды жоғарылатылған нормативтер бойынша алатын болады. Екіншіден, дала жұмыстарын несиелеу мәселелері шешімін тапты. Осы мақсаттар үшін “Қазагро” ұлттық холдингінің еншілес компаниясы арқылы 86 миллиард теңге несиелік ресурстар бөлініп отыр. Осы қаржылардың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін оларды 1 гектарға бөлудің нормативтері де белгіленді. Мамандардың пікірінше, ол агроөнеркәсіп кешені субъектілерін барынша кең көлемде несиелеуге жағдай жасамақ. Үшіншіден, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету проблемасы оңтайлы шешілуде. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәй­кес ресурс ұстаушылар осы наурыз айынан бастап ауыл шаруа­шы­лығы үшін респуб­лика бойынша дизель оты­нының  бі­регей бо­са­тылу бағасын белгі­леді. Осы­лайша, ол­ар­дың өздері  белгілеген өнім жеткізілетін стан­саларда 1 литр дизель отынының бағасы 55 теңге болмақ, ал енді облыстық опе­раторлардың шығында­рын қоса алғанда отынның осы түрінің 1 литрі ауылшаруа­шылық тауарларын өндірушілерге 60-62 теңгеге түсетін болады. Бұл баға наурыз айындағы рыноктық бағаға қарағанда 5-7 теңгеге төмен болады деп болжанып отыр. Үстіміздегі жылдың 15 наурызына қарасты көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін тракторлардың — 88, тұқымсепкіштердің 91 пайыздан астамы, тұқым себу кешендерінің 100 пайызы, топырақ өңдеу техникасының 90 пайызы дайындық сапына қойылған. Бұл өткен жылғы деңгейден әлдеқайда жоғары. Ал енді 26 наурызға қарасты жанар-жағар­маймен қамтамасыз ету: дизель отыны бойынша 120 мың тоннаны (36 пайыз), бензин бойынша 16,4 мың тоннаны (32 пайыз), дизель майы бойынша 7,6 мың тоннаны (36 пайыз) құрап отыр. Келесі мәселе — өткен жылғы астықты сатуға қатысты. Бұл төңіректе біраз әңгіменің болғаны белгілі. Соған орай Үкімет те белгілі бір шараларды қабылдап отыр. Атап айтқанда, “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” акционерлік қоғамы 5 миллион  тоннаға жуық астықты сатып алды. Көлік шы­ғындарын субсидиялау арқылы экспортты ынталандыру шаралары да оң рөл ойнап отыр. Сөйтіп үстіміздегі жылдың 20 наурызына қарасты 5,5 миллион тонна астық экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,3 миллион тоннаға көп. Үстіміздегі жылдың 1 наурызына қарасты астық қабылдау пункттерінің толықтығы Қостанай облысында — 60, Солтүстік Қазақстан облысында – 64, Ақмола облысында 68 пайызды құрап отыр. Осы проблеманы шешу үшін “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” акционерлік қоғамы 2009 жылдың ІV тоқсанында солтүстік облыстардағы астық қабылдау пункттерінен Батыс Қазақстан облысындағы астық қабылдау пункттеріне мемлекеттік азық-түлік резерві есебінен 104,3 мың тонна астықты ауыстырды. Қазіргі уақытта еліміздің солтүстік және шығыс об­лыс­та­рындағы 400 мың тонна астық­ты дәл осындай жолмен батыс өңі­ріне тасымалдау жо­с­парланып отыр. Сонымен бірге,  Премьер-Министр  Кәрім Мәсімов “Қазақстан темір жолы” ұлттық компа­ниясы бас­шылығына рес­пуб­ликаның солтүстік және батыс өңір­лерінен жөнел-тілетін астықты өзінің жеке ба­қы­лауына алуды тап­сырды. Жалпы, би­ыл­ғы көктемгі дала жұ­мыстарына да­йындық жағдайының  жақсы  деп  бағаланып отырғанын да айта кету орынды. Жылдағыдай жанар-жағармайға қатысты соншалық бір белең алып тұрған дүрбелең жоқ. Мәселелердің қай-қайсысы да өз ретімен және уақытында шешім табуда. Соған сәйкес осы жұмыстар .үшін жауапты саналатын бірқатар министрлік­тердің жұмыстары да жақсы деген тұрғыда атап өтілді. Сол сияқты, дүйсенбі күнгі се­лек­­т­орлық кеңесте зиянкестерге қар­сы  күрес  шара­ларына да баса назар аударылды. Көктем­нің қысқа болып, күннің тез арада ысып кетуіне байла­нысты қара шегірткенің көбейіп кетуіне қолайлы жағдайлардың тууы мүмкін. Сондық­тан бұл мәселеге де барын­ша мұқият болу керек, деді Үкімет бас­шысы. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ.