Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Бапкерді ұрған бұзақы полицейлерге өз еркімен берілді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың 14 сәурінде Украинаның Николаев қаласында белгісіз біреу бокстан танымал бапкер Сергей Корчинскийді соққыға жығып, ол ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген болатын.

Бапкерді ұрған бұзақы полицейлерге өз еркімен берілді

Жергілікті полиция таратқан мәлімет бойынша жергілікті дүкендердің бірінің маңында бапкер мен бөгде бір адам сөзге келіспей, жанжалдасып қалады. Оның ақыры төбелеске ұласады.  Қарсыласының ауыр соққысынан кейін Корчинскийге шүйдесімен асфальта құлап, есінен танады. Бас-сүйегі сынып, миы қатты шайқалған Сергей ұзақ уақыт  жансақтау бөлімінде жатады. Тек арада үш ай өткеннен соң есін жияды. Десек те әлі күнге дейін танымал бапкер ауыр жарақаттардан толықтай айыға қойған жоқ.

 

Көп ұзамай күдікті анықталды. Ауыр қылмыс жасаған 39 жастағы Карен Саркисян Қрымда бой тасалап жүрді. Украинаның құқық қорғау органдары іздеп жариялағанымен, біразға дейін ол ұстатпады. 26 наурызда Саркисян Николаев қаласына келіп, полицейлерге өз еркімен берілді. Әзірге ол 60 күнге қамауға алынды.

 

Бұл оқиға жайында біз бекер әңігімелеп отырған жоқпыз. 57 жастағы Сергей Корчинский кезінде Қазақстанда еңбек етіп, «Астана арландары» клубын тәрбиеледі. Сол маманның жетекшілігімен жерлестерміз 2013 жылы Дүниежүзілік бокс сериясының жеңімпазы атанса, Корчинскийдің өзі осы жобаның ең үздік бапкері деп танылды.  

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50