
- Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Боролдай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, ер адамдар жұмыс іздеп Алматыға бет алған, олар карантин туралы білмедік деді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы - төтенше жағдайды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және олар қамауға алынды, - деп мәлімдеді Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.