Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бәліш арасынан есірткі табылды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сотты болып, түрмеде жазасын өтеп жатса да есірткі шеккісі келгендер түрлі құйтырқылыққа баратыны белгілі ғой. Сондай жағдайдың бірі Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде болды. Бұл туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда: Бәліш арасынан есірткі табылды

Осы мекемеде жазасын өтеушіге танысы әкелген сәлем-сауқат алғашқыда ешқандай секем тудырмапты. Бірақ, белгіленген тәртіпке орай оны арнайы орнатылған рентген аппаратымен тексергенде  бәліш арасынан ерекше өткір иісті шөп шыққан.

Бұл оқиға жайлы жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.

Сот-химиялық сараптама қорытындысы күдікті «сәлемдеменің» 30,25 грамм кептірілген марихуана екендігін анықтап берді.

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20