Руханият • 27 Наурыз, 2020

Бас мүфти – Youtube желісінде

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында насихат айтты.

Бас мүфти – Youtube желісінде

Наурызбай қажы Тағанұлы «Әрбір адамның жарық күні санаулы. Сондықтан біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қысқарта алмаймыз. Оның өлшемі Ұлы Жаратушының құзырында» дей келе, жер бетіндегі барлық нәрсенің пәни екенін еске салып, уақыттың қадірін білуге шақырды.

«Уақыт алдында мұсылманның екі міндеті бар. Біріншісі – уақытты жүйелеу, екіншісі – бос уақытты тиімді пайдалану» деп, екі нығмет – денсаулық пен уақытты пайдалы іске жұмсау қажеттігіне мән берді.

Сөз соңында ҚМДБ Төрағасы жұртшылықты Шағбан айының кіруімен құттықтап, қазіргі төтенше жағдайдың аяқталып, мешіттерде жамағатпен бірге намаз оқып, бұрынғы мамыражай күнге тезірек жетуге дұға етті.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025