Футбол • 25 Наурыз, 2020

Футбол: Германия Бундеслигасы 30 сәуірде жалғасуы мүмкін

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Немістердің футбол лигасы (DFL) коронавирусқа байланысты уақытша тоқтатылған Бундеслига ойындарын 30 сәуірде қайта жалғастыру жағын ойластырып жатқан сыңайлы.

Футбол: Германия Бундеслигасы 30 сәуірде жалғасуы мүмкін

Әрине, ол үшін Германияда коронавирус індеті ауыздықталып, жағдай тұрақталуы керек. Айтулы ұйымның баспасөз қызметі бұл жағын да ескертті. Қазіргі кезде УЕФА-ның талабы бойынша 30 маусымға дейін Бундеслига ойындарын аяқтау үшін жарыс күнтізбесі қайта жасалып жатыр.  

Естеріңізге сала кетейік, Бундеслига жарысы тоқтатылғанға дейін 25 тур артта қалды. Әзірге Мюнхеннің «Бавариясы» шашасына шаң жұқтырмай келеді. Олар 55 ұпай жиып отыр. Көш басындағы команданы «Боруссия» өкшелеп келеді. Дортмундтықтардың «Бавариядан» төрт ұпайы кем. Сондай-ақ, одан кейінгі орындарды иеленіп отырған ұжымдар да бір-бірімен үзеңгі қағыстырып келеді. Мәселен, «Лейпцигте» - 50, Менхенгладбахтың «Боруссиясында» - 49 және Леверкузеннің «Байерінде» - 47 ұпайдан бар.   

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025