25 Тамыз, 2013

Медиктер өлген адамның жаны қалай шығатынына көз жеткізді

670 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Околосмертное переживание

Әлемнің адам өлімі мен өмірін зерттеуші бір топ дәрігерлері енді өліп бара жатқан адамның тәні үстіне жанының қалай шығып тұратынын өздерінше дәлелдеп шықты. Бұл туралы The Sunday Times газетінің сілтемесіне сүйенген Inopressa.ru хабарлады.

Дәрігерлер мұны «о дүниеден оралған адамдардың» көңіл толқуынан пайда болатын құбылыс деп есептеп отыр.

«Өліп бара жатқан пациенттердің электроэнцофалограммасын зерттеу оның өлер алдынжа электрлік белсенділігінің арта түсетінін көрсетті», - дейді осы орайда мақала авторы Джонатан Лик.

Ғалымдар бұл көтерілуді клиникалық өлімді бастан кешкен кісілердің тескентау асып, жарыққа кезігетін, өз денесінің үстінде қалықтап тұратын қалыптары олардың өлімге байланысты қатты толқуға түсуінен туындайтын жұмбақ медициналық құбылыстан пайда болады деп пайымдайды.

«Мұндай сезім мен көңіл-күйді діни наным-сенімдермен байланыстыра қарайтын жұрттың көпшілігі осыдан алдағы шын дүние туралы теорияның расқа айналғаны ретінде қабылдайды», делінген бұдан ары мақалада.

«Біз өлім халіндегі мұндай ахуалдарды миға ауа жетпей жатқан кезде суырылып шығатын электр қуатының көтерілуімен түсіндіруге болады деп ойлаймыз», дейді Вашингтондағы Джордж Вашингтон университеті медициналық орталығы жансақтау бөлімінің дәрігері Лакхмир Чавла.

«Қан айналымы баяулаған кезде оттегінің де деңгейі түседі, соның соңында мидың клеткалары соңғы электр дүмпуін беріп қалады. Ол мидың бір бөлігінен басталып, қалған жағына көшкін тәрізденіп тарай бастайды. Осы сәт адамдарға тірі жанның менталды сезінуін бере алады», деп түсіндіреді ол мұны.

Чавланың Journal of Palliative Medicine журналында жарық көрген зерттеу жұмысы өлім төңірегінде нақты физиологиялық түсіндірме берген бірінші іргелі еңбек болып табылады.
 Мұрат Айтқожа.