Спорт • 20 Ақпан, 2020

Футбол: Пиерос Сотириу «Астанамен» келісімшарт жасасты

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириу Қазақстанның алты дүркін чемпионы «Астана» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Футбол: Пиерос Сотириу «Астанамен» келісімшарт жасасты

Сотириу Кипр астанасы Никосия қаласының «Олимпиакос» командасының түлегі. Ол дәл осы клуб сапында өз мансабын бастап, артынша ішкі чемпионаттың көшбасшысы, елорда жанкүйерлеріне жақсы таныс АПОЭЛ сапына ауысады.

Бір айта кететін жәйт, Пиерос Кипр чемпионы сапында «Астанаға» қарсы үш кездесуде алаңға шыққан. Алайда нәтижелі ойынымен көзге түскен жоқ. Дегенмен, ол ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан және Кипр құрамалары арасындағы екі кездесуде де гол соққан. ​Сотириу АПОЭЛ сапынан кейін, Дания чемпионатының көшбасшысы «Копенгаген» футбол клубының қатарын толықтырды.

27 жастағы шабуылшы төрт мәрте Кипр чемпионатында топ жарса, бір мәрте Дания чемпионы атанған. Пиерос УЕФА аясындағы 60 кездесуде алаңға шығып, 13 гол соққан тәжірибелі ойыншы. Сондай-ақ, Кипр құрамасы сапында өткізген 40 кездесуде 10 гол соққан.

Сотириу мен «Астана» арасындағы келісімшарт мерзімі 3 жыл.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025