Басылым басшылары • 20 Ақпан, 2020

Басылым басшылары - Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018)

911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ержұман Смайыл Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Туғанбай ауылында өмiрге келген. Әкесi Смайыл емшiлiктi кәсiп еткен, анасы Күләш қатардағы шаруа адамы болған. 1965 жылы ол Талғардағы С.Сей­фуллин атындағы №2 орта мектептi бiтiрген соң, өзiнiң туған ауылында клуб меңгерушiсi, шопан болып еңбек етедi. 1967-1970 жылдары Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Солтүстiк флотындағы сүңгуiр қайықта әскери борышын өтейдi. 1971 жылы Қазақ мемлекеттiк уни­верситетiнiң журна­листика факуль­тетiне оқуға келiп түсiп, оны қызыл дипломмен бiтiрiп шыққан соң осы оқу орнының ассистентi болып жұмыс iстейдi.

Басылым басшылары - Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018)

Е.Смайыл 1977 жылы «Социалистiк Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газе­тiне қызметке шақырылады. Осы жерде екi жылдай еңбек етiп, республикалық жастар газетi «Лениншiл жасқа» (қазiргi «Жас Алаш») редактордың орынбасары болып ауысады. Бұл қызмет­те ол сегiз жыл iстеп, мол тәжiрибе жинақтайды.

1987 жылы қайтадан «Социалистiк Қазақстанға» шақырылады. Алғаш бөлiм меңгерушiсi болады, содан кейiн редактордың орынбасарлығына жоғарылатылады. 1990-1998 жылдары осы газет бас редакторының бiрiншi орынбасары, ал 1998-2000 жылдары бас редакторы болып iстедi. 2003 жылдың қыркүйегiнен 2004 жылдың шiлдесiне дейiн «Егемен Қазақстан» республикалық газетi” ашық акционерлiк қоғамының президентi қызметiн атқарды.

Е.Смайыл – Президент сыйлығының, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15