27 Наурыз, 2010

Р.МИННИХАНОВ – ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ

698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25 наурызда Татарстанның жаңа президенті Рүстем Миннихановтың инаугурациясы өтті. Осы тарихи оқиғаға орай шақырылған жоғары мәртебелі қонақтар арасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бастаған қазақстандық делегация да болды. Құттықтау сөз сөйлеген министр Қазақстан мен Татар­стан­ды түркі тілдес бауырлас ел­дерге тән мәдени қатынастар ғана емес, сонымен бірге ортақ тағ­дыр, ортақ мүдде мен мақсат біріктіретіндігін атап өтті. Қазақстан мен Ресейдің ын­ты­мақтастығын соңғы жылдары экономикалық даму, халықты әлеу­меттік қамтамасыз ету көр­сет­кіштері бойынша қарқынды дамып келе жатқан солтүстік көр­ші­лес елдегі ірі аймақ – Татарстансыз елестету мүмкін емес, – деді Ж.Түймебаев. – Сіздің алдыңызда елдің көшбас­шы­сы ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешу міндеті тұр. Оның барлығын Татарстан халқы мүддесіне сай шешетініңізге сенімдімін. Жауапты жаңа мемлекеттік қызметіңізде табыс­ тілеймін. Сонымен қатар Жансейіт Түй­мебаев Та­тарстанның бұ­рынғы басшысы Минтемир Шаймиевке еліміздің І-дәрежелі “Достық” орденін салтанатты түрде тапсырды. “Егемен-ақпарат”.