Руханият • 08 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы «AǴYM» көрмесі жас суретшілерге рухани шабыт береді

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аяқталып келе жатқан 2019 жыл жастар үшін ерекше жыл болды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы Жолдауында биылғы жылды – Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Бұл бастама шама-шарқынша мәдениеттің әр саласында жүрген таланттарға шығармашылық шабыт сыйлап, өнерге құлшындырды.

Алматыдағы «AǴYM» көрмесі жас суретшілерге рухани шабыт береді

Рухани салада мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау  Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің жас суретшілеріне өмірде де, өнерде де  дұрыс шешімдер қабылдауы үшін көмегін тигізері сөзсіз.

Қазақ суретшілерінің туындылары бүгінде өзіне аса назар аудартып қоймай, үлкен қызығушылық тудыратыны кездейсоқ емес. Өнерге енді қадам басып жатқан талапкерлерден жаңа леп, жаңа қадамбайқалады.

Алматыда санаулы күндерден кейін тұсауын кесетін «AǴYM» атты жас суретшілеркөрмесінде қазіргі өнердің  келбеті, мазмұндық бейнелік-ырғақтық ұстанымдарының өзіндік бірлігі салтанат құратын болады.  Бүгінгі буынның басты сипаты – олардың бейнелеуіндегі шеберлікке, рухани мазмұндылыққа деген ұмтылыс бар.

Көрмеге қойылатын туындылардан уақыт сипатын, жас суретшілердің көңіл эфирін, білім алу үдерісіндегі кәсіпқойлық талаптарын да көре аламыз.

Жас суретшілердің жұмысына қатысты сұрақтарға жауап бермей тұрып, былай қарағанда бастапқыда парадоксалды болып көрінетін ескерту жасап көрейік: біздің зерттеулеріміз қандай да бір «жастар өнері» жайлы емес, қазақ  суретшілерінің жаңа буынының өнері – бүгіннен басталатын болашақ ұлттық жаңа туындылар жайында әңгіме қозғалғаны дұрыс. Біздің ескертуіміз өнер туындысының ақиқаттылығы мен сапасы, оны жасаушының жасымен байланысты емес екендігін толық сенімділікпен айта алатындығымызда. Шын мәнінде, суретшінің кейде жоғарғы шегі мен құлдырауын қосқанда, оның бүкіл ғұмырын шығармашылық өмірі қамтиды. Ал жасына қарап, өнерді бағалау, аксиологиялық тәсілімен алғанда аса дерексіз болып көрінеді. Жас мөлшерімен қатаң байланысты өнер болмайды, дейді профессор, философия ғылымының кандидаты Жанарбек Берістен.

Сондықтан «бір сапта» әр түрлі студент суретшілер бар. Бұған көз жеткізу үшін Өркен Аят, Әлихан Жаханша,Жансая Киікбай,  Махаббат Сағындық, Мирас Ордабай  сияқты кескіндемешілер мен қатар Өмір Гүлкенже, Әлия Тілеухан қызы, Мадина Кадірбай, Бақыт Әбдіразақ сияқты сәндік өнер шеберлерінің еңбектеріне жүгінуге болады. Ең бастысы, «AǴYM» көрмесіне бәрінен бұрын, өнерге деген риясыз өзіндік көзқарастар тән екенін айта кеткен жөн.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025