Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019

Ақтауда «Әбіш оқулары» атты мүшәйра өтті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы әкімдігінің қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбайдың 80 жылдығына, Ақтау қаласының 56 жылдығына орай «Әбіш оқулары» атты ақындар мүшәйрасы өтті.

Ақтауда «Әбіш оқулары» атты мүшәйра өтті

Қаламгер шығармаларының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы жастардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға  жоғары, техникалық және кәсіптік оқу-орындарының студенттері қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар екі кезең бойынша сайысқа түсіп, бірінші кезеңде Әбіш Кекілбайұлының кез-келген шығармасын жатқа оқыса, екінші кезеңде «Әбіш оқулары» тақырыбындағы өз туындысын ортаға салды.

Байқау нәтижесінде қазылар алқасы топтан озық шыққан жүйріктерді анықтап, жеңімпаздарға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше