Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2019

«Әр қазақ – менің жалғызым» акциясы Мұнайлы ауданында жалғасты

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда «Әр қазақ - менің жалғызым» ұранымен бастау алған қайырымдылық акциясының эстафетасы жалғасын тапты. Ол «Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының бастамасымен, Мұнайлы ауданы әкімдігі және «Үммет жастары» қоғамдық қорының қолдауымен өтуде. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз хатшысы К.Ізбасарова хабарлады.

«Әр қазақ – менің жалғызым» акциясы Мұнайлы ауданында жалғасты

Аталған қайырымдылық акциясы аясында Батыр ауылында екі отбасын қолдау мақсатында үй құрылысы басталды. Шараның негізіне келетін болсақ нұротандықтар, аудан тұрғындары жәнекәсіпкерлер бірлесе қайырымдылық жасау арқылы, қиын жағдайдағы бауырларымызға баспана сыйлауды көздейді.

-«Әр қазақ менің жалғызым» сөзі тұтастай ұлттың бірлігін ту еткен ұран десек артық айтқандық болмас. Елдің тұтастығы мен бірлігі бір ауыз сөзге сыйып тұрғандай. Бейбіт елде береке көп. Асар - бірлік пен ынтымақтың, бауырмалдықтың рухани қайнар көзі. Жалпы жауапты азаматтық қоғамның мүшесі ретінде, кез-келген азамат өз отандасына көмек қолын созу, ол біздің ата-бабаларымыздан қалған өнеге деп білеміз, дейді депутатАхмет Салманов.

Акцияның алғашқы күнінде, яғни үйдің ірге тасын қалауға "Nur Otan" партиясы Мұнайлы аудандық  филиалының  төрағасы, аудан әкімі Рахат Елтизаров, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттары Ахмет Салманов, Табылды Әмір, Дина Күлмеханова, аудан тұрғындары белсенді түрде ат салысты. Құрылыс басында құрбандық шалынып, ақсақалдар ақ батасын берді. Өз үлесімді қосам деген азаматтар қатары көп екендігібайқалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Әр қазақ - менің жалғызым» қайырымдылық акциясы аясында акциямен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бастамасымен Шетпе ауылында тұратын төрт мүжәлсіз отбасыға  асарлатып бір үй (муниципальды) салынып, кілті табыс етілген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025