Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2019

Теміржол бойындағы апаттан 1 адам мерт болды (видео)

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Шамалған теміржол стансасында апатты оқиға болды.
Куәгерлердің айтуынша, теміржол көпірінен өтіп бара жатқан автобус жолаушылар пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус шопыры мерт болып, бірнеше адам жарақаттанған.

Теміржол бойындағы апаттан 1 адам мерт болды (видео)

"Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бастаған тиісті сала басшылары оқиға орнында. Жақын маңдағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі", - деді бізге Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ал Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев: «Бүгін 19 сағат 30 минутта «Алматы–Қостанай» бағытына қатынайтын пойыз автобуспен соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі бала, біреуі әйел адам. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр», - деп жауап берді.  



Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35