Спорт • 31 Тамыз, 2019

Регби-7 спортынан Қазақстан командасы азия чемпионатына қатысып жатыр

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында регбиден Азия сериясының бірінші кезеңі басталды. Қазақстан командасы құрлық додасында әзірге екі командамен кездесті деп хабарлайды Olympic.kz.

Регби-7 спортынан Қазақстан командасы азия чемпионатына қатысып жатыр

Бірінші кездесуде қазақстандық регбишілер қарсыластарын 12:0 есебімен жеңді. Алайда, екінші айналымда Қытай спортшыларына 15:19 есебімен жол берді. 

Айта кетелік, регби-7 спортынан Қазақстан командасы Тайланд, Қытай және Сингапурмен бірге  D тобына түсті. Әр топта үздік шықан екі команда келесі топтың көшбасшыларымен кездесті.