19 Наурыз, 2010

ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ

1149 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Еліміздің тау-кен өндірісі және металлургия саласының тарихы әрі­ден басталатыны белгілі. Елба­сымыз биылғы Жолдауында да тау-кен, металлургия өнімінің экс­пор­ты мен өнімін екі еселеуге тап­сырма берген болатын. Бұл тау-кен өндірісінің соңғы жылдары ел эко­номикасының маңызды салаларына айналып отырғандығын көрсетеді. Осыған орай, 16-18 наурыз аралы­ғында Астанадағы “Radіsson SAS” қонақүйінде “Майнекс Орталық Азия” тау-кен өндірісіне арналған 1-ші халықаралық форум болып өтті. Жаңа технологиялық мүмкін­дік­­терді іс жүзіне асыруда ең ал­ды­мен Үкімет пен кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығы болса керек. Инвестиция тарту мен тау-кен, ме­таллургия өндірісінің өнімін кө­бейтудің жаңа жолдарын қарастыру жөнінде ой-пікір бөліскен форумға еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты. Алдымен Mіnex өкілі Дэвид Пирс сөз алып, форум жұмысын ашты. Оның айтуынша, өткізіліп отырған шара жер қой­нау­ын қолданудың жергілікті, аймақ­тық және жаһандық тенденция­ларын жақсартуға, инвесторлардың қажеттілігін анықтауға септігін ти­гізеді. Сонымен бірге мұндай ма­ңызды деңгейдегі салалық форум Ор­талық Азияда тұңғыш рет өт­кі­зіліп отырғанын мәлімдеді. Дэвид Пирстен кейін сөз алған Вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исе­кешев жеделдетілген индустрия­лық-инновациялық дамудың мем­лекеттік бағдарламасындағы тау-кен өндірісінің алар орны, атқа­ра­тын рөлі, міндеттері туралы баян­дама жасады. Онда ол таяу 5 жыл ішінде Қазақстан катодты мыстың өндірісін 500 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырған­дығын жеткізді. Бұл Казцинк және Қазақмыстың қосымша өндіру қуатын енгізу және барлау жұмыс­т­а­рын кеңейту арқылы іске асы­рылмақ. Ә. Исекешевтің айтуынша, мыс қорытпалары, прокат және катанка өндірісі жолға қойылады деп күтілуде. Баяндамасын тау-кен өндірісінің бүгінгі көрсеткіштеріне негіздеген Ә.Исекешев ел өндірі­сі­нің ұстанып отырған саясаты жө­нінде айтып өтті. Ресурсты сақтау (қалдықсыз өндіріс технологиясын енгізу), минералды ресурстарды кешенді қолдану және шикізатты жоғалтуды барынша қысқарту жә­не басқалар. Сондай-ақ, қолданы­ла­тын технологиялардың энергиялық тиімділігі мен экологиялық тұр­ғы­дан тазалығына басымдық бе­ріл­мек. Форум жұмысы отандық метал­лургтерге бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өнімдерді шығарып қана қоймай, жаңа рыноктарға шығуға, өз бағыттарын нықтап ай­қын­дауға, ел экономикасына ин­весторлар тартуға мүмкіндік бе­ретіні шындық. Біз инвестор­лардың барлығымен жұмыс істеуге дайынбыз, деді ол. “Тау-кен Самұрық” ҰК бас­қарма төрағасы және Республи­калық тау-кен өнеркәсіптері қау­ым­дастығының атқарушы дире­к­торы Николай Радостовец Үкімет­тің бұл салада жұмыс жасап жатқан биз­нес­ті қолдайтындығын жеткізді. Жо­ға­ры білімді кадрларды даярлау үшін көптеген жоо мен кәсіптік-тех­ни­калық училищелер қайтадан маман­дандырылатын болады, деді ол. “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ бас­қарма төрағасы, форум модера­торы Қайрат Келімбетов ел кәсіп­орындарының өндірістің жаңа шың­дарына шығуға құлшынып от­ыр­ғандығын, ал бұл талпыныс ши­кізаттық базасыз мүмкін еместігін айтып өтті. Қ.Келімбетовтің ай­туынша, енді минералдық-ши­­кізаттық сектордағы мемлекеттің мүдделері қорғалмақ. Оның дәлелі қорға қарасты “Тау-кен Самұрық” АҚ-тың құрылуы. Қазақстанның тау-кен индус­триясындағы мем­лекеттік актив­тер операторының басты мақсаты – тау-кен актив­терінің құнын арттыруға және тау-кен саласы өнімдерін бәсекеге қа­білетті етуге ықпал жасау. Ком­пания қатты пайдалы қазбаларды өңдеу, өн­діру, қайта өңдеу және қоршаған ортаны, болашақ ұр­пақ­ты қорғау бойынша жеке сек­тор­мен серік­тесіп жұмыс жасайды. Компания­ның жүргізген сарапта­маларына сүйенсек, еліміздегі игерілмеген кеніштер тізімі – 67. Алтын, мыс, боксит, никель, ко­бальт, воль­фрам, молибден, сирек металдар, те­мір, қорғасын хром секілді пай­далы қазбалардың кеніштері бос, бос еместігін, олар бойынша то­лық геологиялық анықтама жасалды. Форум жұмысын қорытын­дылаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов тау-кен өндірісінің Қазақстан үшін өте маңызды сала екендігін атап айтты. Урбани­за­ция үдерісінің жоғарылауы, жаһандық тұрғын жайдың көбеюі ресурсқа сұранысты арттыра түсуде. Осыған орай, Қазақстан ресурсқа сұраныстың артуын қанағаттандыра алатын оңтайлы жағдайда деген Үкімет басшысы аталмыш сектордың өндірістік өнім және экспорт көлемінің ІЖӨ-нің маңызды бөлігін құ­райтындығын атап көрсетті. Әл­ем­дегі ең ірі табиғи ресурстар ба­засының бірі – Қазақстан. Сон­дықтан болашақта сұраныстың жаңа талаптарына жауап бере ала­тын мүмкіндігі бар. Бұл тек қана өзіміздің дәстүрлі ішкі рыно­гымыз деген сөз емес, Азияның, Таяу Шығыстың жоғары дамып келе жатқан экономикасын да қанағаттандыратын боламыз. Біз кәсіпорындардың жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдай туғызу­да­мыз. Үкімет олармен серіктес ре­тінде жұмыс жасауда. Бұл ша­ра­лар еңбек өнімділігін арттыруға, бизнеске ұзақ мерзімді инвес­ти­ция­лық шешімдерге сенім ту­ғызуға жасалып отырған мемлекет тарапынан қамқорлық деген Премьер-Министр сөзін қоры­тын­дылап, фойеде ашылған көрме жұмысымен танысты. Венера ТҮГЕЛБАЙ.