19 Наурыз, 2010

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

526 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні Премьер-Ми­нистр Кәрім Мәсімов пен Ас­тана қаласының әкімі Иманғали Тас­мағамбетов елорда құры­лысының мәселелері бойынша құрылыс алаңдарында болып, көшпелі кеңес өткізді. Кеңес мақсаты Елбасының “Жа­ңа он жылдық – жаңа эко­номикалық өрлеу – Қазақ­станның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында, сондай-ақ, тұрғын­дармен “тікелей желі” кезінде қой­ылған тапсырмалардың ор­ын­далуын бақылау болып та­­былады. Проблемалы тұрғын үй ке­шендерінің құрылысының аяқ­талуына, мектепке дейінгі білім мекемелерінде жаңа орындардың құрылуына, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын же­тілдіру мен медициналық кластер құруға, сондай-ақ, 2011 жылғы VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізуге арналған заманауи спорт ареналарын құру бойынша жобалардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді. 2010 жылы проблемалы құ­рылыстарды толығымен аяқтау мін­деті қойылды. 2007 жылы ел­ор­дада 37 мыңнан астам үлескер­дің қатысуымен 227 үлестік құ­рылыс нысан бар болатын. Оның 166-сы бүгінде тапсырылған. Бес нысанның үлескерлері салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қайта бөлінді. Осылайша ағым­да­ғы жылы 12 933 үлескер қа­ты­сушы 61 нысан аяқталмақ. Оның ішінде 19 нысан “АҚҚБ “Жаңа құрылыс” ЖШС-ға берілген. Көшпелі кеңес барысында К.Мәсімов пен И.Тасмағамбетов құрылысы қарқынды жүріп жатқан екі тұрғын үй – “Нұрсая” және “Караван” ТК-де болды. Ондағы үлескерлер саны 466-ны құрайды. Бүгінгі күнге дейін компания 11 нысанда жұмысын аяқтады, олар – “Еуропалық” ТК, “Оқ­жетпес” ТК, “Әл-Фараби”, “Бай­қо­ңыр” ТК, “Тәуелсіздік” ТК, “Воз­рождение” ТК, “Жас қанат” ТК, “Достық” ТК, “Береке” ТК (6, 7, 8 блоктары), “Алтын Ғасыр” ТК (А, В, С, Е, Ғ блоктары), “Кампус” ТК (Д, Е, Ж блоктары), жалпы пәтерлер саны – 2 447. 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жалпы пәтер саны 2 294 болатын тағы 6 тұрғын үй кешені мен 2 ке­зекті, соның ішінде “Эгалите” ТК, 12, 28, 38 көшелері қиылысындағы КТК, “Әл-Фараби 2” ТК, “Кара­ван 2” ТК, Железнодорожный кен­тіндегі ТК, “Нұрсая” ТК, “Бе­ре­ке” ТК (5 блок) және “Алтын ға­сыр” ТК (блок D) бітіру жос­парланып отыр. Биылғы жылдың соңына қарай сондай-ақ, “Тұрсын Астана” ТК (1 454 пәтер) салынып бітірілмек. Кеңес барысында сондай-ақ, “АҚҚБ “Жаңа құрылыс” ЖШС-нің “Балапан” бағдарламасы бой­ын­ша есебі тыңдалды. “АҚҚБ “Жа­ңа құрылыс” ЖШС салып жат­қан 15 тұрғын үй кешенінің бі­рін­ші қабаттарында мектепке дей­інгі шағын орталықтарды ұйым­дас­тыру мақсатында 16 мың шар­шы метр аудан қарастырылған. Осы аудандарда шағын орталық­тар­ды жайластыру 3000-нан астам баланы орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2009 жылы 3 ша­ғын орталық құру жұмысы аяқтал­ды. Оның ішінде “Тәуелсіздік”, “Оқжетпес” және “Еуропалық” ТК де бар. Ондағы орындар саны 210 баланы қамтиды. Кеңеске қатысушылар 27 га жерді алып жатқан Жаңа Универ­ситет аумағында да болды. Ағым­да­ғы жылдың шілдесінде ол ал­ғашқы студенттерді қабылдайды. Әзірге сабақ жобаның алғашқы кезегі шеңберінде салынған тоғыз ғимаратта өтетін болады. Кеңеске қатысушылар атбасын бұрған тағы бір блок “100 аурухана” бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысан болды. Бұл Оңтүстік-шығыс (оң жағы) ша­ғын ауданындағы амбулато­рия­лық-емханалық кешен (ауы­сы­мына 350 келушіге арналған ере­сек­тер емханасы, ауысымына 150 ке­лушіге арналған балалар емха­насы). Оны пайдалануға беру 2010 жылдың соңына жоспарланған. Сонымен бірге №12 көше мен Абы­лай хан даңғылы қиылысын­дағы 500 орындық көп бағдарлы стационарды 2011 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Үшінші блокқа 2011 жылғы VІІ Қысқы Азия ойындарының спорт инфрақұрылымдары нысандары кірді. Олар велотрек, коньки тебу стадионы, мұз айдыны құрылысы мен “Қазақстан” спорт сарайы. Үш нысанның да тапсырылатын мерзімі – 2010 жылғы 10 қазан. Бұл Азиаданың басталуына спорт­тық инфрақұрылымның дайын­дығын тексеруге мүмкіндік беретін тестілік жарыстарды өткізуге қажет. Нысандарды аралау соңында қалалық әкімдікте кеңес өтіп, онда “Гранд Астана” КТК-нің “Ғ” бло­гының құрылысының аяқталуына республикалық бюджеттен қо­сым­ша қаржы бөлу, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысын тұрғын үй жинақ жүйе­сі арқылы іске асыру мәсе­леле­рі талқыланды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Суретті түсірген Шүкір ШАХАЙ.
Соңғы жаңалықтар