«Осы уақыт аралығында Орталық қызметінде көптеген оң өзгерістер болды. Бірінші басшының жаңашылдық көзқарасы мен жұмысқа бар ынтасымен берілуінің арқасында Орталық шетелдік серіктестері арасында беделін нығайтты. Шетелдік ЖОО-лар бөлетін гранттар санын еселеп арттыруға қол жеткізілді. Бүгінде Қазақстан азаматтарында «Болашақ» стипендиясынан бөлек тегін жоғары білім алуына мүмкіндік бар. Жыл сайын үздік ЖОО-лардан 20 мыңнан астам грант тартылады. Жанболат Мелдешов бүгінде сапалы білімге ұмтылған қазақстандықтар жемісін көріп отырған жобалардың бастауында тұрды», делінген фейсбуктегі Bolashak scholarship administrator парақшасында.