19 Наурыз, 2010

ЕЛІМІЗДІҢ ҒАРЫШТЫҚ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?

821 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Ғарыш­тық қыз­мет­ке қатысу мемле­кет­тің саяси беделін, оның эконо­ми­калық, ғы­лыми-техника­лық және қорғаныстық қуа­тын елеулі түрде айқындап береді. *** Ғарыштық қыз­мет­тің басым бағытта­рын, оның ішінде гео­стационарлық ор­битада жаңа жиіліктік-орбиталық ресурс­тар­ды нығайтуды жүзеге асыру бойынша үздік­сіз жұмыс бәсе­ке­ле­с­тер арасында лайық­ты орын ала отырып ел үшін толыққанды ғарыштық саланы ке­шенді қалып­тастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі әлемде ғарыштық сала адам қызметінің ең басым және ғылымды қажетсінетін салалары­ның бірі болып табылады. Ғарыш­тық қызметке қатысу мемлекеттің саяси беделін, оның эконо­ми­калық, ғылыми-техника­лық және қорғаныстық қуатын елеулі түрде айқындап береді. Ға­рыштық қызметті дамытудың за­манауи үде­рістері мен факторларын тал­дағанда әлемнің жетекші елдері өздерінің ғарыштық әлеуетін ұл­ғайтуға елеулі күш салып жатқанын көрсетіп отыр. Біздің елімізде жерсеріктік телекоммуникациялық жүйелердің негізінде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық жерсерік­терін жасау және ұшыру жолымен ақпараттық-ғарыштық технология­лардың дамуының бас­талуы Қа­зақстан Республикасы Президенті­нің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған республикадағы  ғарыш қызметін дамыту туралы бірінші ғарыштық Мем­ле­кеттік бағдар­лама­ның қабылдануы­мен объек­тивті түрде байланыс­тырылады. Байланыстың жерсеріктік жүйе­лерін дамыту жоспарларын жүзеге асыру үшін, ең бірінші кезекте, меншікті жиіліктік-орбиталық ресурсты алу, геостационарлық орбитада қазақстандық ғарыштық аппараттарға арналған тұру нүкте­лерін Қазақстан Республикасына бөлу және бекіту қажет. Жиіліктік-орбиталық ресурс дегеніміз бұл – қандай да бір орбитада орналасқан байланыстық ғарыштық аппарат­тың онсыз өзінің мақсаттық қыз­метін орындай алмайтын, шектеулі табиғи ресурс (орбитадағы радио­жиілік спектрі). Жиіліктік-орбита­лық ресурсты сатып алуға, жалға алуға немесе Радиобайланыс бю­росына мәлімделген жиіліктік-ор­биталық ресурстарды халықаралық-құқықтық қорғау бойынша жүр­гі­зілген жұмыстар нәтижесінде алуға болады. Осы орайда, байланыс ғарыш­тық аппараты (ҒА) тұратын орбита­лық нүктені жалға алу құны 50 миллион­нан астам АҚШ долларын құрайты­нын ерекше атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде орбита­лық нүктені мен­шікке сатып алу өте сирек кездеседі және сатып алу құны ҒА-ның өзінің құнымен пара-пар болуы да мүмкін. Женева қаласындағы Халықаралық электр байланыс одағында жүзеге асы­рылатын жиіліктік-орбиталық ресурсты ресми тану – күрделі, ғылымды қажетсінетін және ұзақ үдеріс. КСРО ыдыраған кезде әрбір мемлекетке жоспарлы жиіліктік-орбиталық ресурс бекітілген бола­тын. Дегенмен де, бүгінде ұсыныл­ған ресурсқа салынған шектеу­лердің салдарынан ғарыштық ап­паратты жасау және жоспарлы нүктеге шы­ғару шығынды жоба болып табыла­ды. Қазақстан тәуелсіздікті алған сәттен бастап 2005 жылға дейін жиі­лік­тік-орбиталық ресурсты алу мә­селелері тиісті деңгейде көтерілмей, оң шешімдерін таппай келді. 2007 жылғы наурызда ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің (ҰҒА құрылуы және 2005-2007 жылдарға арналған Қа­зақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту бірінші мемле­кеттік бағдарламасының бұдан бұрынғы нәтижелерін талдау бізде ғарыштық қызметті дамытудың ұзақ мерзімге арналған міндеттерін жаңа сапалық деңгейде қалып­тастыруға мүмкіндік берді. Еліміз өзінің меншікті ғарыштық бағдарламасын өте қиын жағдайларда дамыту үстінде. Басты проблема бір нүктеде тұрудың бос орбиталық ор­нының жоқтығы, ол кеңістік нарықта жетекшілік позицияларды иеленіп отырған АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Үн­дістан, Израиль сияқты басты қатысушылардың арасындағы ұл­ғайып келе жатқан бәсекелестікке байланысты болып отыр. Мәселен, АҚШ-тың ірі ІNTELSAT компа­ния­сына 50-ден астам нүкте бекітілген. Мұндай жағдайда нарықтағы іс-қимылдары меншікті орбиталық ресурсты алуға бағыт­талған жаңа бәсекелестіктің пайда болуы шетелдік компаниялардың меншікті жобала­рын қайта құруы қажеттігіне алып келетіндігі табиғи құбылыс. Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №475 қаулысына сәйкес “Ғарыш­тық байланыс және радио­электрондық құралдардың электр магниттік үйле­­сімділігі респуб­ликалық орталығы” АҚ (ҒБРО) Қазақстан Республикасы Ақпарат­тандыру және байланыс агент­тігінің атынан Қазақстан Рес­пуб­ликасынан Рабиобайланыс бюро­сына мәлімделген жиіліктік-орбита­лық ресурстарды халықара­лық-құ­қықтық қорғау мәселелері бой­ынша жұмыстарды жүзеге асырады. ҒБРО осы салада жеткілікті тә­жірибенің және білікті маман­дардың жоқтығына қарамастан “Гейзер” ҒӨФ” ЖШБ ресейлік компания­сымен бірге Ресей Фе­дерациясының, Қытайдың, Голлан­дияның, Үндіс­танның, Сингапур­дың Байланыс әкімшіліктерімен қазақстандық орбиталық позиция­ларды халық­ара­лық үйлестіру бойынша кездесулер өткізді. Со­ның нәтижесінде Халық­аралық электр байланыс одағы 2008 жылы бірінші рет 58.5о ш.б. ор­биталық позициясындағы жиіліктік-орби­талық ресурсты Қазақстан Рес­публикасына бекітті. Басқа бірқатар мемлекеттермен жұмыс белсенді түрде жалғас­тырылуда. AZERSAT и KAZSAT спутниктік желілерін үйлестірумен байланысты мәселелерді шешу бойынша Әзірбайжан Респуб­ликасы Байланыс әкімшілігімен 2009 жылғы қарашада Астана қаласында өткізілген кездесу біздің еліміз үшін тарихи кезеңдік оқиға болып табылады. Өздерінің ұлттық ғарыштық бағдар­ламаларын бел­сенді және мақсатты дамытып жатқан басқа қатысу­шылармен үйлестіру мәселелерін шешу бойынша кездесулер ғарыш­тық қызмет әлемінде құқығы бой­ынша заңды орын ала отырып тұрақты түрде өткізілетін болады деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі заманғы тыныс-тір­шілікті қамтамасыз етудің барлық салала­рында іс жүзінде иннова­циялық технологиялардың тұрақты дамуы жағдайында байланыс ҒА үшін бір орбиталық тұру нүктесінің болуы жеткіліксіз. Ғарыштық қызметтің басым бағыттарын, оның ішінде геостационарлық орбитада жаңа жиіліктік-орбиталық ресурс­тарды нығайтуды жүзеге асыру бойынша үздіксіз жұмыс бәсе­келестер арасында лайықты орын ала отырып ел үшін толыққанды ғарыштық саланы кешенді қалып­тастыруға мүмкіндік береді. Нақты ғарыштық қызмет әлеміне шешуші қадам жасалды. Әзірбай­жанның Байланыс әкімші­лігімен өткізілген осы бірінші үй­лестіру кездесуі ұлттық жерсеріктік желілерді дамытуға қосылған үлкен үлес болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстардың өз жалғасын табуы ұлттық қауіп­сіз­дікті нығайтуға, коммуникациялық мүм­кіндіктерді кеңейтуге және ел ішінде қомақты ақшалай қаржы­лар­дың сақталуына мүмкіндік береді. Виктор ЛЕФТЕР, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің “Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы” АҚ президенті.