19 Наурыз, 2010

“МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ”

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осындай атпен Мәжілісте ғылыми-практикалық конференция өтеді “Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі”. Парламент Мәжілісінің ұйым­дас­тыруымен аталған ғылыми-прак­тикалық конференция үстіміздегі жылдың 19 наурызы күні өтеді. “Бір тілде сөйлеу – бірлік бас­тауы” деп аталатын негізгі баян­да­ма­ны Пар­ламент Мәжілісінің Төр­ағасы, “Нұр Отан” халықтық-демо­кратиялық пар­тия­­сы фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар, Мәдениет ми­нистрі Мұхтар Құл-Мұхаммед “Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту – маңызды мем­лекеттік іс”, ал Білім және ғылым ми­нистрі Жансейіт Түй­мебаев “Қазақ­стан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінде мем­ле­кеттік тілді дамытудың жайы”, Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченко “Мемлекеттік тілді да­мыту – Қазақстан халқы Ассамблея­сы жұмысының негізгі бағыттарының бірі” деген тақырып­тарды баяндайды. Бас прокурордың орынбасары Мұх­тар Жөргенбаев “Қазақстан Рес­публи­ка­сындағы тіл туралы” Заңның орында­луын бақылаудың нәтижелері және ба­қы­лауды жетілдіру жолдары” жай­ында қосымша баяндама жасайды. Жиналыстың шеңберінде сенатор Ғарифолла Есім, Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Өмірзақ Айт­баев, Павлодар облысы­ның әкімі Бақытжан Сағынтаев және басқалар аталған мәселе бойынша ой қозғайды. Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Камал Бұрханов, Алдан Смайыл, Бек­бо­лат Тілеухан форум барысында көте­ріл­ген мәселелерді секциялар бойынша тал­қылауға модераторлық етеді. Парламентте бірінші рет өткізіліп отырған бұл конференцияны Орал Мұ­ха­меджанов қорытындылайды деп көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар