19 Наурыз, 2010

“БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” бағдарламасы – дамудың тиімді жолы

668 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алматыда Іскерлік кеңесінің ке­зекті отырысы болып өтті. Онда Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың Қазақстан халқына Жол­дауында атап көрсетілген “Биз­нестің жол картасы-2020” бағ­дар­ламасын дәйектілікпен жүзеге асы­ру төңірегінде жан-жақты сөз болды. Премьер-Министрдің орын­басары – Индустрия және жаңа тех­нологиялар министрі Әсет Исе­кешев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және іскерлік орта өкілдері қатысқан кеңейтілген жиында сонымен қатар, Қазақ­стан­ның 2015 жылға дейінгі индус­трия­лық-инновациялық дамуының қар­қынын арттыру мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Іскерлік кеңес отырысын ашқан Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов күн тәртібіне қойылған бас­ты мәселе және оңтүстік астанада бұл бағытта бүгінгі күнге дейін ат­қа­рылып жатқан маңызды іс-ша­ра­ларды тілге тиек етті. Қолға алын­ған сондай іргелі жұмыстардың бірі Алматының Алатау ауданында ор­на­ласқан индустриялық аймаққа тікелей қатысты. Қала әкі­мінің айтуынша, Мемле­кет басшысы қолдаған индус­триялық аймақтың қала үшін де маңыздылығы жоғары, яғни жаңа жұмыс орнының ашылуы және өзге де мүмкіндіктер көбеюде. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына Алматы қала­сынан жалпы сомасы 410 миллион долларды құрайтын үш жобаның енгендігін хабарлаған қала әкімі, бұл жобаларға да кеңірек тоқталды. Мұның өзі ең алдымен “Медеу”, “Шымбұлақ” таулы-шаңғы ку­рор­тын дамыту және қатты және сұйық дәрі-дәрмек құрал-жабдық­тар өн­дірі­сін кеңейту мен модер­низациялауды қамтиды. Сонымен қатар, “Самұрық-Қазына” қоры ба­ғыты бойынша трансформаторлық стансалар құрылысының жобасы да бар. Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі күнге дейін оған қосымша жалпы сомасы 1,5 миллиард долларлық жиырма бір жоба қаралған. “Олар­дың ішіндегі бес жобаны министрлік қолдаған жағдайда индустриялық-инновациялық дамудың қалалық бағдарламасына енгізуді ойластыру­дамыз”, деді Ахметжан Есімов. Іскерлер кеңесінде сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа тех­нологиялар министрі Әсет Исе­кешев индустриялық-иннова­циялық жедел дамудың бесжылдық бағдарламасының негізгі әдістері туралы баяндап берді. Министр, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша дамудың нақты бағдарламаларын ортаға салып, өз пікірін білдірді. Бесжылдық бағдарлама Мем­лекет басшысы жариялаған 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының онжылдығы аясындағы ең алғашқы индустриялық жоба болып табы­ла­ды. Атап айтарлығы, мұндай ауқым­ды бағдарламаның ең басты мақсаты – көзделіп отырған бес жылда индустриялық-инновация­лық жоғары жетістікке қол жеткізу болып табылады. Отандық бизнесті қолдау бәсекеге қабілеттіліктің артуына игі ықпал ететіндігі сөзсіз. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы міндеттер шын мәнісінде де “еліміздің жалпыұлттық міндетіне айналуы тиіс”,– деді Премьер-Министрдің орынбасары – Ин­дустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.
Соңғы жаңалықтар